Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің этникалық және діни толеранттылық ЮНЕСКО кафедрасы (әрі қарай Кафедра) Л.Н. Гумилев атындығы ЕҰУ мен Білім, ғылым және мәдениет бойынша халықаралық ұйымы арасындағы меморандум негізінде ашылды, оған 2013 жылы 23 тамызда қол қойылған.
Кафедраның мақсаты:
- Этникааралық диалог және өзара түсінушілік саласында әріптестердің қатысуымен, негізгі және қолданбалы зерттеу жүргізу.
- Этникалық, конфессияаралық және мәдениетаралық диалогтар бойынша курстар жасау, және оларды студентер мен магистранттарды дайындау барысында қолдану.
- Әріптестермен кафедраның профилі бойынша ұлттық, аймақтық конференциялар және симпозиумдар ұйымдастыру.
- Гуманитариялық салада, азаматтық қоғам ұйымдарымен және ЮНЕСКО-ның басқа да кафедраларымен білім алмасу, тәжірибемен бөлісу мақсатында ұлттық, аймақтық және халықаралық органдармен ынтымақтастықты және байланыстарды нығайту.
- ЮНЕСКО-мен қажетті бағдарламалар және шаралар бойынша тығыз ынтымақтастық орнату.
Кафедра келесі жұмыстарды атқарды:
2015 жылыЮНЕСКО кафедрасы Қазақстан Халқы Ассамблея каферасымен бірлесе отырып, Франциядағы қаралы жағдайға арналған «CharlieHebdo, көпмәдениеттілік: Қазақстан көз қарасы» атты дөңгелек үстел өткізілді. Сонымен қатарЮНЕСКО кафедрасы «БҰҰ және ЮНЕСКО: жасампаздықтың 70 жылдығы» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.
2016 жылыЮНЕСКО кафедрасы G-Global платформасы негізінде, дипломатиялық корпусы өкілдерінің және халықаралық сарапшылардыңқатысуымен дөңгелек үстел өткізді: «Таяу Шығыс шиеленісі: Иран Ислам Республикасы - Сауд Арабия». Сонымен қатарЮНЕСКО кафедрасы ЕҰУ-дің халықаралық қатынастар факультетімен бірге Махатма Гандидің немересі Эла Ганди ханыммен қоғамдық дәріс өткізді. Дәріс тақырыбы «Promoting the Use of Nonviolent Methods of Conflict Resolution and Its Importance Today».